Ел ертеңі-білімді ұрпақ

Ел ертеңі-білімді ұрпақ

Библиотека материалов Дум Думыча

Сәкен Әйгерім Жасұланқызы

тәрбиеші

Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы бюджеттік интернат

Ақкөл ауылы



Ел ертеңі - білімді ұрпақ


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әр бір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады. Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.

Жаңарталған бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуге жетелейді. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. Жаңартылған бағдарламаның талабына сай мұғалімдер курстардан бағдарламаның мазмұнын біліп, оның ерекшеліктерімен танысып, заман талабына сай ақпараттандырылған, мақсатқа жеткізетін педагогикалық тәсілдерді меңгерумен қатар көптеген тәжірибелер алуда. Курс аясында топтық, жұптық жұмыстар жүргізіліп, белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі жайлы айтылуы мен қатар практика жүзінде жүргізілуде. Жаңа бағдарлама құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтарға негізделген. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен ізденуі оқу үдерісіне қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады»

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», - деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу» үшін мектеп оқушыларының терең білім алып, саналы да саламатты болып шығуына педагог мамандардың шығармашылықпен атқарған жұмыстарының қосар үлесі мол.







Материалы подготовил(а): Сакен Айгерим Жасуланкызы

Скачать

Чтобы добавить отзыв, войдите, пожалуйста, или зарегистрируйтесь на сайте – легко и быстро.

Регистрация

Обратная связь

ОБЖ и ЗОЖ

Тесты окр мир 2-4 класс

написать письмо

Отправить нам сообщение